Пікір • 04 Сәуір, 2022

Достық ниетімізді білдіреміз

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басында болған қаңтар оқиғаларынан кейін мен Қазақстандағы жағдайды, елдің даму бағытын ерекше назарда ұстап келемін. Осыған орай Қазақстанды демократияландыру, экономикалық ырықтандыру және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елінің ашықтығы үшін қолға алған институционалдық реформалары мен елді жаңғырту үдерісіне толық қолдау білдіргім келеді.

Достық ниетімізді білдіреміз

Шынайы парламенттік демо­кратияға айнал­дыруға бағытталған Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында ұсынылған реформалар, сөзсіз, қазақстандықтардың үміт-сеніміне нақты жауап болды.

Біздің достық тобымыз көппартиялық жүйенің пайда болуына, Парламенттің рөлін нығайтуға және адам құқықтарын одан әрі құрметтеуді мақсат тұтқан іс-шараларды ерекше қолдайды. Парламентаралық байланыстарымыздың шеңберінде біздің достық тобымыз осы ауқымды саяси трансформацияны жүзеге асыруда Қазақ елімен бірге болатынын да ерекше айтқым келеді.

Сонымен қатар Ресейдің Украинаға бағыттаған әскери іс-қимылы кезінде Қазақстан ұстанған бейтараптылық және украин халқына көрсеткен гуманитарлық көмек те Жаңа Қазақстанды ұлттар көшінде тәуелсіз және құрметті мемлекет етуге деген ниеттің айқын белгісі.

Франция – Орталық Азия парламентаралық достық тобы Президент Қ.Тоқаевқа Қазақстанды жаңғырту мақсатына бағыттаған жобасын іске асыруда қолдау білдіре отырып, реформаларының оң нәтиже көрсетуіне сенім білдіреді.

 

Эрве МОРЭ,

Франция – Орталық Азия парламентаралық достық тобының төрағасы (Франция)