Қазақстан • 04 Сәуір, 2022

Шекарада жалған құжаттары бар 6 жүк көлігі ұсталды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жалған құжаттары бар 6 жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекарада жалған құжаттары бар 6 жүк көлігі ұсталды

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірде тауарға жалған ілеспе құжаттар бар көліктер анықталды. Оларға киім, аяқ-киім, косметика, ыдыс және тағы басқа халық тұтынатын тауарлар тиелген.

«Қырғызстаннан келе жатқан 6 жүк көлік құралына салықтық тексеру жүргізу барысында құжаттарда Қазақстан алушысы ретінде көрсетілген компанияның аталған тауарлардың импортына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Тексеріс барысында компания басшысы импортқа қатысы жоғы туралы мәлімдеме жасады», деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты бұл іс бойынша материалдар тауарларды мемлекет кірісіне айналдыру үшін сотқа жіберіледі.