Экономика • 05 Сәуір, 2022

Ұлттық қордан берілетін трансферт мөлшері артады

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін түзету туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қордан берілетін трансферт мөлшері артады

«Президенттің Үкімет алдына қойған міндеттерін іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 трлн 030 млрд теңгеге немесе 1 трлн 630 млрд теңгеге дейін ұлғайтып, түзету ұсынылады», деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, осылайша түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірістері бойынша болжам нақтыланды.

«Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2022 жылы 10 трлн 162 млрд теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары. Мұнайға арналған ЭКБ бойынша негізгі өсім 597 млрд теңгеге, мұнайға болжамды бағаның өсуі, теңге бағамының АҚШ долларына және корпоративтік табыс салығына өзгеруі аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен, макроэкономикалық көрсеткіштердің ұлғаюы есебінен 343 млрд теңгеге күтіледі», деді Әлібек Қуантыров.

Сонымен қатар ол 2022 жылы бюджет тапшылығын 2 трлн 978 млрд теңге немесе өткен жылы пайдаланылмаған трансферттерді қайтаруды ескере отырып, ЖІӨ-нің 3,3% деңгейінде анықтау ұсынылғанын нақтылады.

«Осыны ескере отырып, Республикалық бюджеттің шығыстарын түзетілген көлемге қатысты 2,7 трлн теңгеге ұлғайта отырып, 18 795 млрд теңге көлемінде айқындау ұсынылады», деді министр. 

Жалпы, ҰЭМ басшысы ұлттық валюта бағамын және мұнай бағасын арттыру жағына қарай қайта қарау Ұлттық қордың параметрлеріне оң әсер еткенін атап өтті.

«Мұнай секторынан түсетін түсімдер көлемі 4 833 млрд теңгеге дейін немесе 1 431 млрд теңгеге ұлғаюмен болжануда. Кепілдендірілген трансферттердің қосымша көлемін ескере отырып, Ұлттық қорға түсетін таза түсімдер 245 млрд теңгені құрайды. Қосымша алып қоюларға қарамастан, Ұлттық қордың нысаналы көрсеткіштері фискалдық шектеулер шегінде сақталады. Қорда төмендетілмейтін қалдық бекітілген болжамнан 0,8 пайыздық тармаққа (ЖІӨ-ге 31%) ұлғаюмен ЖІӨ-ге 31,9% деңгейінде болжанады. Валюталық активтер 55,9 млрд АҚШ доллары деңгейінде бағаланады», деп нақтылады ҚР Ұлттық экономика министрі.