Ақмола облысының спортшысы, «Мерген» физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының тәрбиеленушісі Алина Синельникова 400 метр қашықтыққа еркін жүзуден күміс жүлдені иеленді. 200 метрге кеудемен жүзуде Алина 3.20.54 нәтижесімен Азия рекордын орнатты.
Берлинде Қазақстан параспортшылары барлығы 4 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды.