Наурыз айының соңына таман қар молынан жауып, одан кейін күн күрт жылыды да, Қарағанды қаласындағы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының сыртындағы ойпаң жерлерде қарғын судың мол қоры пайда болды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аулалар мен көшелерді су басу қаупінің алдын алу мақсатында төтенше жағдай және коммуналдық қызметтер күшімен екі жасанды бөгет салынған болатын. Бірақ соған қарамастан, судың біршама бөлігі қаланың шеткі көшелеріне еніп кетті. Осыған байланысты, электр сымдарының тұйықталу қаупі төнгендіктен, жертөлесіне су кірген бірнеше үйдің тұрғыны қауіпсіз жерлерге көшірілді.
Сондай-ақ Ә.Бөкейхан ауданындағы көпқабатты үйлердің жанындағы топырақ үйіндісін екі жерден су бұзып өтіп, бірнеше үйді су басу қаупі төнді. Сол себепті, құтқарушылар маңайдағы үйлердің тұрғындарын жақын жердегі №56 орта мектепке көшірді.
Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еріген қар суы жиналған жерлерде коммуналдық қызмет бригадалары мен құтқарушылардың уақытпен санаспай, күні-түні жұмыс істеп жатқанын айтады.
– Қаладағы Тәттімбет - Мұқанов көшелерінің қиылысында оншақты жүк тиегіш, 35 жүк тасығыш көлігі, 50-ге тарта адам жұмыс істеп жүр. Түскі уақытта аққан су кешегіден үш еседей күшті болды. Екі бірдей бөгетті бекіткен едік, олар кемеріне дейін толып, су басу қаупі пайда болды. Бұған жол бермеу үшін біз екі жерден ойық жасадық, – деді қала әкімі қалыптасқан жағдайға түсінік беріп.
Міне, осындай жедел әрекеттің нәтижесінде коммуналдық қызметтер аулаларға барып жатқан су ағынын тоқтата алды. Ал түн мезгілінде үйінді біліктер нығайтылды. Дегенмен, қарғын судың мол болғандығы сонша, су ағынының бойындағы бірнеше үйге зақым келіп, жертөлелерге су толып кетті. Қазіргі уақытта суды сорғылаумен үш бригада айналысуда.
Жалпы, су тасыған кезден бері Қарағандыда кәріз ағындары, қарғын және жер асты суларының аулалар мен көшелерді басуы туралы 194 хабарлама тіркелді. Апатты жағдайдың алдын алу жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың, жол ұйымдарының, «Қарағанды Су» ЖШС және облыстық ТЖД-нің күштері мен құралдары тартылып, 206 адам мен 85 техника бірлігі жұмылдырылды.
Кеше Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы су басқан көшелерді аралап, шиеленісті жағдаймен жан-жақты танысты. Тиісті тапсырмалар беріп, ахуалды тікелей өзінің бақылауында ұстайтынын айтты. Қазіргі уақытта құтқарушылар тасқыннан келетін елеулі қауіптің жоқтығын айтып отыр. Өңірдегі су тасқынының жағдайы тәулік бойы бақылауға алынған.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар