«Милан-Алматы-Милан тікелей әуе рейсін 2022 жылғы мамырдың соңынан бастап Италияның Neos жеке компаниясы апта сайын тұрақты негізде орындайтын болады», деп хабарлады елші Нұр-Сұлтандағы журналистермен жабық кездесуде.
Қазіргі уақытта Қазақстаннан Италияға және Италиядан Қазақстанға бірде-бір тікелей рейс жоқ.