Халықаралық көрмені өткізуге Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Kazenergy» қауымдастығы, «KazService» одағы, «Petrocouncil» және «Қазақстан мұнай-газ геологтары» қоғамы қолдау білдірді. Оған Қазақстаннан өзге Беларусь, Нидерланды, Ресей, АҚШ және Түркия елдерінен 60-тан астам компания қатысып жатыр. Бұлардың бәрі – мұнай-газ жабдықтарын, жеке және өнеркәсіптік қорғаныс құралдарын өндірушілер, автоматика, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша, мұнай-газ өндіру ісіне қызмет көрсететін компаниялар.
Көрмеге Атырау облысынан 14 кәсіпорын қатысса, қазақстандық компаниялардың саны – 45. Биыл Башқұртстан Республикасы мен Ресейдегі Ярославль облысы алғаш рет ұжымдық экспозиция ұсынды.