Қоғам • 06 Сәуір, 2022

Доллар бағамы төмендеді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы төмендеді

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1 теңгеге төмендеп, 462,22 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 6 сәуірдегі ресми бағамы - 462,91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 464,57 теңге, сатылым - 467,28 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 465,10 теңгеден сатып алады, 467,47 теңгеден сатады.