
«Соған орай қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Катонқарағай ауданындағы «Берел-Рахман қайнарлары» тасжолының 432-438 шақырымында жасанды жолмен 890 шаршы метр, Алтай ауданындағы «Алтай-Богатырево» тасжолының 3 учаскесінде 770 текше метр қар түсірілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.