Қытай юанінің бағамы - 70,61 теңге (-0,55), сауда көлемі - 3,24 млн юань.
Ұлттық банк Ресей рублінің бағамын 5,91 теңгеге, еуро бағамын - 485,68 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларларды 454-457,5 теңгеден, еуроны - 493-500 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 5,25-5,75 теңгеге жетті.
11 сәуірде мұнайдың әлемдік бағасы біршама төмендеді.
Мамыр айында жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 1,73%-ға төмендеп, барреліне 95,78 долларды құрады.
Ал Вrent маркалы мұнайдың бағасы 1,76%-ға, барреліне $100,32-ға дейін төмендеді.