Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

СҚО-да есірткі сатушы қарумен ұсталды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда полицейлер есірткі тасымалдаған қарулы адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да есірткі сатушы қарумен ұсталды

28 жастағы қала тұрғыны екі келі марихуананы сатуға тырысқан кезде ұсталды. Тұрғылықты жерін тінту және оның көлігін тексеру барысында тәртіп сақшылары 14 кг-нан астам марихуана мен 143 грамм гашиш тәркіледі.

Сонымен қатар күдіктіден аңшы мылтығы және екі газ тапаншасы табылды. Бұдан әрі тәркіленген заттар мен заттардың шығу тегі анықталуда.

Аяна Тоғанбек