Ауа райы • 12 Сәуір, 2022

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республиканың 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша 13 сәуірде Алматы облысында найзағай күтіледі. Шығыс, солтүстік-шығыстан, облыстың солтүстік-шығысында 18-23 м/с жел соғады.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста - 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Атырау облысының батысы мен шығысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с жетеді.

Күндіз 13 сәуірде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Шығыстан соққан жел облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде - найзағай, тұман болады. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

13 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында-шығыстан, оңтүстік - шығыстан 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жел соғады.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады,екпіні 15-20 м/с жетеді.

Аяна Тоғанбек