Спорт • 13 Сәуір, 2022

Сыр бойындағы сайыс

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Қызылордада еркін кү­рестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.

Сыр бойындағы сайыс

Еркін күрес шеберлері сайысының жалпы есебінде Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы көш бастады. Жамбылдықтар екінші орын алса, Шымкент қаласының өкілдері үшінші сатыға табан тіреді. Жекелеген салмақтарға келер болсақ, 65 килодағы Адлан Асқаровтың асқан шеберлігіне тәнті болдық. Алматы облысының аса дарынды балуаны кезінде жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншіліктерінде жүлдегерлер санатынан көрініп, былтыр ересек­тердің Азия чемпионатында күміс медальді мойнына ілді. Бұл жарыста Адлан алдына жан салмады. Финалда ол өскемендік Әсет Бауыр­жановтан басым түсті. Аса ауыр салмақта күш сы­насқан Бекзат Тәжінің де қарқыны күшті болды. Барлық қарсыласының аяғын көктен кел­тірген Сыр бойының сайыпқыраны финалда өзінің командалық әріптесі Дастан Сағындықты сан соқтырды.

Өзге салмақтарда Мұхамед Балғабай (57 кило) мен Шыңғыс Мұхаметқалиев (74 кило), Асылжан Есенгелді (61 кило) мен Еркебұлан Шынықұл (70 кило), Дәулет Ергеш (79 кило) пен Юнус Гафуров (97 кило), Мақсат Саты­балды (86 кило) мен Ризабек Айтмұхан (92 кило) теңдессіз деп танылды.