Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Кодексінде уран өндіруді реттейтін және уран өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату ерекшеліктері қарастырылған», деді Ә. Смайылов өз жауабында .
Сонымен қатар оның айтуынша, Кодекс нормаларын қолдану аясында уран өндіру кезеңін ұзарту және барлау кезеңінен өндіру кезеңіне өту шарттары сияқты мәселелерде бірқатар кемшілік анықталды.
«Бұдан басқа Кодекстің өтпелі ережелерінде кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар үшін өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін норма жоқ. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-мен бірлесіп Кодекске түзетулердің тиісті пакетін әзірледі, оны қабылдау әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, оның ішінде уран өндіруші кәсіпорындар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды ұзарту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Аталған түзетулер биыл Үкіметтің заң шығару қызметі шеңберінде қаралады», деп түйіндеді Премьер-Министр.
Аяна Тоғанбек