«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін есепке қою мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқарту бойынша түзетулер енгізіледі», деді ол.
Сенатордың айтуынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске, егер кәмелетке толмаған балаға туысы, өгей әкесі (шешесі) тұлғасында дереу қамқоршы тағайындау қажет болса, тиісті органдар психологиялық даярлықтан өткізбестен қамқоршылықты белгілеуге құқылы болады. Қазіргі заңнама бойынша баланы алу үшін 1 жыл психологиялық дайындықтан өту керек.
«Мұнымен қоса «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын тек астанада, облыстарда, қалалаларда ғана емес, аудан орталықтарында, қолданыстағы ауруханалар мен емханалардың базасында құру бойынша жергілікті атқарушы органдарының құзіреті бекітіледі. Аталған норма ауылдық, аудандық елді мекендегі ерекше қажеттілігі бар балалар үшін тұрақты оңалту қызметтері қолжетімді етеді», деді Л. Сүлеймен.