«Президенттің Жарлығында бекітілгендей, қағаз сатып алуды және онымен байланысты шығыстарды қысқарту қажеттілігіне айырықша көңіл аударылады. Енді бұл шығындар үш есе азаяды. Тұтастай алғанда, Жарлықта көзделген шаралар мемлекеттік органдарды қағазсыз ортаны қамтамасыз етуге ынталандыратын және өзара іс-қимылдың цифрлық форматына көшуге септігін тигізеді», деді А. Шаимова.
Еске сала кетсек, 14 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.