Қоғам • 18 Сәуір, 2022

Екі айда 3,5 мыңдай қазақстандық елден көшіп кеткен

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көші-қон қызметі органдарының деректері бойынша, 2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстаннан 3520 адам кетіп, елге 2869 адам келген. Осылайша көші-қон сальдосы - 651 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі айда 3,5 мыңдай қазақстандық елден көшіп кеткен

«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 87,3%-ды, көшіп кеткендердің үлесі - жалпы көшіп-қонушылар санының 79,2%-ын құрады», делінген Ұлттық статистика бюросының ақпаратында.

Сонымен қатар ел ішінде көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға азайды.

Өңіраралық ауысулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің төрт өңірінде қалыптасты: Нұр-Сұлтан (5447 адам), Алматы (5734 адам), Шымкент (776 адам) және Маңғыстау облысы (7 адам).

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Кеше

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Кеше

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Кеше

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Кеше

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Кеше