Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Сергеев су қоймасы тасып жатыр

1394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-дағы Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асып төгіле бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сергеев су қоймасы тасып жатыр

«Сергеев су қоймасына жиылған су деңгейі 9 см-ге дейін көтерілді. Ол су қойманың ернеуінен асып, төгіліп жатыр. Десек те биыл айтарлықтай су тасқыны болмайды, жылдағыдай Петропавлдағы Заречный кентіндегі саяжай учаскелері су астында қалмайды», деп сендірді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мамандары.

Филиал директоры Қымбат Мерғалимованың айтуынша, болжам бойынша асып төгілу небәрі 20 см ғана болмақ. Су қоймасы Ақмола облысынан келген сумен толығып жатыр, ал Есіл өзенінің сағаларында су деңгейінің түскені байқалады. Таңғы сағат 8.00-дегі ақпарат бойынша, Есіл өзені Крещенко елді мекенінің маңында 12 см-ге, Сергеевка қаласының маңында 11 см-ге көтерілді. Ал Сергеев су қоймасында деңгейі бір тәулікте 16 см-ге өзгерген.

СҚО-да ең үлкен су тасқыны 2017 жылы болды, осы уақытта Сергеев су қоймасынан тасыған судың биіктігі 3 метрден асып кеткен. 2018 жылы 2 метрге жуықтаса, былтыр 1,5 метрге жеткен.