Каспий құбыр консорциумы жүйесінен жеткізілімдерді қайта бөлуге байланысты Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан экспортқа қара алтынды қабылдау ұлғаяды.
Жоспар бойынша осы айда Қарашығанақ мұнайын «Атырау – Самара» учаскесі арқылы экспорттау көлемі 150 мың тоннаға дейін, Қашаған мұнайын – 60 мың тоннаға дейін ұлғайтады. «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы тағы 40 мың тонна Қашаған мұнайын Қытайға экспорттау жоспарлануда.
Аяна Тоғанбек