Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев аймақ бойынша жаңа карантиндік қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес, халық көп жиналатын жерлерде медициналық маскаларды қолдану ерікті сипатқа ие.
«Халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық және әуе көлігінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық маскаларды ұсынымдық сипатта пайдалануды қаулы етемін; «жасыл» және «сары» аймақтардағы объектілерде «Ashyq» мобильдік қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде, қызметін шектемей жүзеге асырылуы мүмкін», делінген Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің 20 сәуірдегі № 7 қаулысында.
Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.