Ғылым • 22 Сәуір, 2022

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасалады

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасалады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасалады

«Қазақ тілінің терминологиялық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы 1971 жылдан бері 31 611 терминге лингвистикалық сараптама жасалған. Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасау жоспарлануда. Жаңа терминдерді біріздендіру мақсатында «Termincom.kz» қызмет етеді. Мақұлдауға ұсынылған салалық терминдерді тек комиссия мүшелері ғана емес, сала мамандары мен жалпы жұртшылық талқылайды», деп атап өтеді вице-премьер.

Ералы Тоғжанов қазақ тілін ұлтаралық қатынастар тіліне айналдыру мақсатында жыл сайын оқыту курстары мен түрлі байқаулар, ынталандыру іс-шаралары ұйымдастырылып келе жатқанын айтады.

«Сонымен қатар қазақ тілі ұлттық корпусының мәтіндік базасын құру жұмысы қолға алынды. 2021 жылы публицистикалық мәтіндердердің 2 млн бірлігіне талдау жасалып, qazcorpora.kz сайтына орналастырылды», делінген Е. Тоғжановтың жауабында.