Медицина • 22 Сәуір, 2022

Қазақстандықтардың шағымдарының көбі сапасыз медициналық көмекке қатысты

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова Қазақстандағы науқастарды қолдау қызметінің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтардың шағымдарының көбі сапасыз медициналық көмекке қатысты

Фото: pixabay

Маман мұндай пациенттерді қолдау қызметтерінің елімізде 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Олардың міндеті барлық мәселелерді немесе мүмкін болатын жанжалды жағдайларды туындаған жерде шешу болып табылады.

«Соңғы бір жылда 4 мыңнан астам өтініш қаралды. 2020 жылы шамамен бірдей деңгейде. Өтініштердің негізділігі 30% құрайды. Өкінішке қарай, ең көп үлесті сапасыз медициналық көмекке өтініштер алады – 70%», деді Лаура Ахметниязова.

Оның айтуынша, қор пациенттерді қолдау қызметінің тиімділігіне баса назар аударып, саясат сыртқы бақылауды барынша азайтуға бағытталған. Өйткені медициналық ұйымның бірінші міндеті медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар