Ауа райы • 24 Сәуір, 2022

9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 25 cәуірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Таулы және тау етегіндегі аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде желдің күші 15-20 м/с жүреді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман болады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда, күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 25 сәуірде түнде кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Түнде 25 сәуірде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз 25, таңертең және күндіз 27 сәуірде қатты жаңбыр күтіледі.