Аймақтар • 26 Сәуір, 2022

Риддерде «Сергек» камералары іске қосылады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында «Сергек» камералары іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддерде «Сергек» камералары іске қосылады

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, осы уақытқа дейін Риддердегі көлік қозғалысын жол сақшылары қадағалап келді.

Енді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында көшелерге «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің камералары орнатылады.

«Полиция департаментінің қызметкерлері қалаға келіп, осы бойынша талқылау өтті. Енді жақын арада көлік көп жүретін жерлерге 60 бейнебақылау камерасы орнатылады. Олардан түсетін ақпараттарды бір жерде тексеріп отыру үшін арнайы орталық та ашылады», дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горковой.