Үкімет • 28 Сәуір, 2022

Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жетекшілері аталды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жетекшілері аталды

«Бүгін Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы туралы баяндалады. Бағдарлама Үкімет қаулысымен бекітілді. Құжатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жаңа Қазақстанды құру идеясына сәйкес азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс тапшылығын жою, жұмыс орындарын құру міндеттерін шешу жолдары қамтылған», деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, халыққа қатысты бағдарламадағы нақты жобаларға қоғамға танымал, елдің ішінде өзіндік орны бар азаматтар жетекшілік етеді.

«Эльдар Жұмағазиев - қоғам қайраткері, ауыл адамдарының табысын арттыруға жол ашатын «Ауыл табыс көзі» жобасына жетекшілік етеді. Саясат Нұрбек - Парламент Мәжілісінің депутаты, жастарды экономикаға қажетті кәсіптерге баулуға бағытталған «Мамандығым – болашағым» жобасына жауап береді. Алмас Жали – «Креативті индустрия» бағытына жетекшілік ететін болады. Эмин Әскеров – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ырза Тұрсынзада - қоғам қайраткері, көпбалалы аналарды жұмысқа тарту бағыты бойынша «Бақытты отбасы» жобасын Нұр-Сұлтан қаласында іске асырады. Рахым Ошақбаев - қоғам қайраткері, бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарына жетекшілік етеді», деді Ералы Тоғжанов.