Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.
– Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.