Елорда • 29 Сәуір, 2022

Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 29 сәуірде сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін  Нұр-Сұлтан қаласында ұрыс жағдайына барынша жақындатыла отырып, лаңкестік актілерге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Елорданың Терроризмге қарсы шұғыл штабының мәліметінше, оқу-жаттығу «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, Әл-Фараби – Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.

Іс-шара мақсаты – шұғыл штабтың күштері мен құралдарының террористік әрекеттерге дереу жауап қайтару бойынша дайындығын тексеру.

«Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», делінген хабарламада.