Аймақтар • 29 Сәуір, 2022

Ақмола облысының тұрғыны ауласынан граната тауып алды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының тұрғыны шолақ мылтықтың 8 оқ-дәрісі мен гранатаға ұқсас затты полицияға тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының тұрғыны ауласынан граната тауып алды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы сәуірдің 25-нен бастап Ақмола облысы аумағында тұрғындардан тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кең ауқымды акция өтіп жатыр. Акция барысында ақмолалықтар полицияға 3 миллион 600 мың теңгеге 62 қару тапсырды.

«Акцияның алғашқы күні Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын өз еркімен шолақ мылтықтың 8 оқ-дәрісі мен гранатаға ұқсас затты тапсырды. Әйелдің айтуынша, ол «гранатаны» өзінің жер учаскесінен топырақ өңдеу кезінде тауып алған. Акция өтіп жатқандығын естіп, табылған затты полицияға тапсыруды жөн деп шешкен. Тапсырылған зат тиісті сараптамаға жіберілді», деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында жұмысшы бастығын балталап өлтіргенін жазған едік .

Аяна Тоғанбек