Президент • 11 Мамыр, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аяқталды

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысын Анкараның халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аяқталды

«Екі күнге созылған мемлекеттік сапардың негізгі түйіні Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы түрік бизнесінің ірі өкілдерімен кездесті. Олармен кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз», деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуы оның жеке бақылауында болады.

Соңғы жаңалықтар

Азияның алтыны бұйырмады

Күрес • Бүгін, 08:35

«Блюцифер»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Төңкерілген ескерткіш

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жалғыздық

Мың бір мысал • Бүгін, 08:10