«Сараптама қорытындысына сәйкес табылған зат салмағы бір килограмнан асатын есірткі болып шықты», деді Қостанай облысының Полиция департаменті.
Сол күні полицейлер облыс орталығының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қала аумағында есірткі сатумен айналысқан. Қызметтік иттің көмегімен тінту барысында оның пәтерінен екі килограмнан астам марихуана тәркіленді.
Жыл басынан бері өңірде есірткіге байланысты 141 қылмыс пен құқық бұзушылық анықталды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 12 килограмнан асты.
Аяна Тоғанбек