«11 мамыр күні сағат 14.37-де облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне 1993 жылғы әйелдің «Экстрамед» медициналық пунктінің жоғарғы жағындағы пәтердің тоғызыншы қабатынан құлап кеткені туралы хабарлама түсті», деп хабарлады ТЖД.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шегуші 1-ші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Диагнозы – полижарақат, бұғана сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы, сол жақта 5-6-7 қабырғасының сынуы, сол жақ білек астының үштен бір бөлігінің сынуы, ми шайқалу және алкогольдік интоксикация.
Аяна Тоғанбек