Ұлы Отан соғысында ерлігімен ел есінде қалған ерендер, Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына биыл 100 жыл! Атаулы мерейтойға орай елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Майдан хаттары» атты театрландырылған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен тағылымды кештің авторы – Назгүл Сарыбай.

Оқ пен оттың ортасында жүріп, ерен ерлік көрсетіп, өшпес даңққа бөленген батырлардың есімі халқының жадында мәңгілікке жатталды. Жылдар ұзаған сайын жарқын бейнелері мен бекзат болмысы ел жүрегіне жақындай түсері және ақиқат жайт. Ал уақыт ағзам алақанында бедерленген ерен ерліктері өскелең ұрпақ үшін ұлтын сүю мен халқына қалтқысыз қызмен етудің жарқын көрінісі болып мәңгілік жасай бермек. «Майдан хаттары» арқылы сыр шертілген сұрапыл жылдар шындығы көркем өнер тілінде осы мұрат жолында тағылым түйгізді.
Өнер мен өнеге қатар өрілген мазмұнды кеште Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың хаты, қару мен қаламды қатар арқалай жүріп соғысқан майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың күнделігінен естелік және басқа да майдан хаттары оқыла отырып, сол негізде қойылған театрландырылған шағын көріністер концерттік бағдарламаның көркемдік деңгейі мен мазмұндық мәнін одан әрі байыта түсті. Сондай-ақ кеш барысында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің тарихи сұхбаты көрсетілді.
Мәңгілік ерлік тақырыбын арқау еткен тағылымды туындының талғам биігінде сарапталуына тер төккен сахнагерлер қатарында Қазақстанның Халық әртісі Тілектес Мейрамов, белгілі театр және кино актері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева бастаған елорда театрларының жетекші актерлері бар. Басты рөлді сомдаған әртістер Тілектес Мейрамов пен Әділ Ахметовтің әңгімелеуі арқылы сұрапыл соғыс жылдарының тарихи парақтары ақтарылды. Әрбір сахналық қойылым сахна төріндегі алып экранда салынған графикалық реконструкциялармен безендіріліп, сол арқылы көрерменді майдан алаңы мен тылдағы тіршілікке терең бойлатты.
Бала рөлінде сәтті бейне жасаған «А.И. театрының» жас актері Тәңірберген Ибадуллаевтың таланты да келген көрерменді таңдай қаққызбай қоймады. Жас болса да рөл табиғатын жіті түсініп, тұшымды бейне тудыра білген балдырған өнері болашағынан зор үміт күттіреді.
Мерекелік концертте театрландырылған қойылымдармен қатар, сондай-ақ соғыс жылдарындағы әйгілі әндер Р.Рымбаева, М.Арапбаева, А.Жылтыргөзов, Т.Мұсабаев, Р.Жармағамбетов, К.Төленбаева, Г.Мырзабекова, Е.Рысқали, Ж.Маясаров, Р.Байдүкенова бастаған дәстүрлі және эстрада әншілерінің орындауында көпшілік көңілін қозғады. Сазынан гөрі арманы, мұңы мен өкініші басым әндер соғыстың сұрапыл жылдарына сапар шектіре отырып, қасіретті жылдардың көрінісін шынайы сезіндірді һәм тыныштық пен бейбіт күннің қадіріне жетер ешнәрсе жоқ екендігін шын ұғындырғандай болды. Әсіресе, Рамазан Елебаевтің «Жас қазақ», Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз», Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әндерін тыңдағанда тебіренбеген, толқымаған көрермен, егілмеген жүрек жоқ. Кеш соңында батырлар рухына бас иіп, құрмет көрсеткен көрерменнің соққан шапалағы ұзақ уақыт толастамады.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар