18 мамыр күні астана тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, ондағы құндылықтарды тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл дәстүрлі, мәдени-танымдық шара «Музей құдіреті» атты тақырыпта өтеді. Елорда жұртшылығы 18 мамыр күні сағат 18:00-ден түні 00:00-ге дейін Ұлттық музейде өтетін айтулы шараның куәсі бола алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның мақсаты – мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін бір кеңістікке біріктіре отырып, әр түрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларын көпшілік назарына ұсыну.
Сондай-ақ музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау.
«Музей түні» шарасы Қорғаныс министрлігі мен ұлттық Ұлан оркестрінің салтанатты дефилесімен басталады. Сонымен қатар ішкі атриумда «Астана опера» театрының қойылымы ұсынылады. Одан әрі «Астана циркі» өнерпаздарының қойылымына жалғасады. Сол сияқты Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның концерті жоспарланып отыр», деді ҚР Ұлттық музейінің БАҚ-пен байланыс бөлімінің қызметкері Дидархан Құрманғазыұлы.
Сондай-ақ музейге келушілер қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар жәрмеңкесіне қатысып, отандық классик суретшілердің туындыларын тамашалай алады.
«Одан бөлек, «Жұлдызды гид» жобасы аясында Бейбіт Қорған, Рухия Байдүкенова, Ақерке Тәжібаева, Әділхан Макин және тағы басқа өнер жұлдыздары келушілерді музей залдарымен таныстырады», дейді ол.
Еске сала кетсек, елімізде «Музей түні» акциясы алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылды. 2020 және 2021 жылы пандемияға байланысты аталған шара онлайн форматта өтті. Араға 2 жыл салып, биыл дәстүрлі форматта өтпек.
Айта кетейік, жыл сайын 18 мамырда халықаралық музей күні аталып өтіледі. Оның аясында әлем елдерінде «Музей түні» акциясы ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар