Оқиға • 15 Мамыр, 2022

Түркістан облысында үйлерді су басты

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазығұрт ауданында жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді, аула аумақтарын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында үйлерді су басты

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су баспас үшін ТЖД қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмыстарымен шұғылданып жатыр.

2022 жылғы 14 мамыр күні Түркістан облысында қатты жауын шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 11 көшесіне, атап айтқанда 20 жеке тұрғын үйге, 67 шаруашылық ғимаратқа, 62 аула ішіне су кірген.

Су жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 45 қызметкері , 7 техника, 7 мотопомпа, жергілікті атқарушы органнан 32 жұмысшы, 3 техника, 3 мотопомпа жұмылдырылған.

Сонымен қатар көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024