Финляндия астанасы – Хельсинкиде шайбалы хоккейден 85-ші әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Суоми елінің Тампере мен Хельсинки қалаларында ұйымдастырылып жатқан дүниежүзілік додаға төрткүл дүниенің ең үздік деген 16 командасы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының жігіттері де бар.

Қазақстандық хоккейшілер элиталы дивизионның әлем чемпионатына қатысу құқығын 2019 жылы елордада өткен бірінші дивизионның чемпионатында жеңіп алған болатын. Содан бері, міне, биыл қатарынан екінші жыл жоғары топтың додасына қатысып жатыр. Төртжылдық үзілістен кейін (Қазақстан ең соңғы рет 2016 жылы Ресейдегі әлем чемпионатына қатысқан) былтыр Латвиядағы біріншілікте өнер көрсеткен хоккейшілеріміз жалпы есепте 10-орынға табан тіреп, 10-шы мәрте элиталы дивизионның әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін сақтап қалды.
Юрий Михайлис шәкірттері биылғы байрақты бәсекеде тәуір өнер көрсету үшін мұз үстіндегі дайындықтарын ерте бастаған-ды. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын елордада өткізіп, кейіннен екінші бөлігін Латвияда жалғастырды. Ригадағы дайындық аясында жергілікті хоккейшілермен екі мәрте жолдастық матч ойнап, екеуінде де ірі есеппен жеңіліп қалды. Ең өкініштісі, сол ойындарда ұлттық құраманың негізгі хоккейшілері Евгений Рымарев (шабуылшы) пен Иван Степаненко (қорғаушы) қарсылас командалардың ойыншыларымен соқтығысып, ауыр жарақат алып қалды. Салдарынан екеуі де әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды. Сондай-ақ былтырғы додада жұлдызы жанған қақпашы Никита Бояркин де жарақатына байланысты құрамаға көмектесе алмайтыны әуелден белгілі еді. Соңғысының құрамада жоқтығы алғашқы ойында қатты білінді.
Дегенмен жыл өткен сайын ұлттық құрамада қазақ жігіттерінің қатары артып келе жатқаны көз қуантады. Бұған дейінгі дүниежүзілік біріншіліктерде ең көп дегенде бір ғана қандасымыз өнер көрсетсе, биыл олардың саны төртеуге жетті. Атап айтқанда, Саян және Самат Данияр, Әлихан Әсетов пен Әділ Бекетаев. Кешегі Даниямен өткен алғашқы ойында қорғаушы Самат Данияр Қазақстан құрамасы сапындағы матчтың ең үздік ойыншысы деп танылды.
Жерлестеріміз Финляндиядағы тұсаукесер кездесуін Хельсинкидегі «Мұз сарайы» спорт кешенінде Бейжің Олимпиадасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен Дания құрамасымен өткізіп, ірі есеппен жол берді – 1:9. Біздің жігіттер осы чемпионатқа дайындық барысында, жоғарыда айтып өткеніміздей, небәрі екі-ақ бақылау матчын өткізсе, даниялық хоккейшілер сегіз жолдастық кездесуде мұзайдынға шыққан. Дания құрамасы алғашқы төрт ойында Финляндия мен Швециядан екі мәртеден жеңілсе, кейіннен Норвегия құрамасынан бір ойында ұтылып, екіншісінде басым түскен. Ал соңғы екі кездесуінде Ұлыритания хоккейшілерінен айласын асырған.
Осылайша, финляндияға өте жоғары дайындықпен келген Дания құрамасы Қазақстанмен өткен матчтың тағдырын алғашқы бес минуттың ішінде-ақ шешіп тастады. Сегіз мың жанкүйерге шақтап салынған «Мұз сарайындағы» кездесудің есебі 3-минутта ашылды. Шайба авторы – Патрик Бьоркстранд. Кейінгі екі минутта Феликс Шеель мен Йоаким Бликфелд мергендігімен көзге түсіп, таблодағы көрсеткішті – 3:0-ге жеткізді. Үш голдан кейін ес жию қиын болса да, қазақстандық хоккейшілер бірте-бірте ойын тізгінін өз қолдарына ала бастады. Тіпті қарсылас қақпаның маңайында бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, гол соға алмады.
Екінші кезеңді де даниялықтар сәтті бастап, қақпамызға жауапсыз тағы да төрт шайба соқты. Голдың авторлары – Фредерик Шторм (23-минут), Юлиан Якобсен (27), Йоаким Бликфелд (30) және Оливер Ларсен (40). Юрий Михайлис қарсыластар бесінші шайбасын соққаннан кейін қақ-пашы Андрей Шутовтың орнына Илья Румянцевті шығарды. Алайда Қазақстан құрамасын «Арланның» қақпашысы да ірі жеңілістен құтқарып қала алмады. И.Румянцев те матч соңына дейін өз қақпасына төрт шайба өткізіп алды.
Үшінші кезең бастала сала Петер Регин (41) командасының сегізінші шайбасын салса, арада 10 минут өткенде Йоаким Бликфелд хет-трик жасап, өз командасы шабуылының нүктесін қойды. Тек кездесу соңына қарай, яғни 59-минутта Кирилл Савицкий Қазақстан құрамасының осы матчтағы және турнирдегі алғашқы голын соқты. Матч барысында Валерий Орехов, Кертис Волк пен Егор Петухов және Әлихан Әсетовтерде есепті қысқартуға тамаша мүмкіндік болған еді. Алайда жерлестеріміз оның бірде-біреуін жүзеге асыра алмады.
Қазақстан мен Дания құрамалары ең кейінгі рет 2016 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында мұзайдында кездесіп, сол кезде де даниялықтар мықтылық танытқан еді – 4.1.
Қазақстанды ірі есеппен қапы қалдырған Дания құрамасы «А» тобында көш бастады. Алғашқы турда Италияны 5:2 есебімен жеңген Швейцария екінші, ал Германияны 5:3 есебімен ұтқан Канада құрамасы әзірше үшінші орынға жайғасты. Бірінші турда Германиядан жеңіліп (1:2), екінші турда Францияны 4:2 есебімен қапы қалдырған Словакия турнир кестесінде төртінші орында, бір жеңісі бар Германия бесінші сатыда тұр. Чемпионатты сәтсіз бастаған Франция, Италия және Қазақстан құрамалары соңғы орындарға тұрақтаған.
«B» тобында алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша, жарыс қожайындары алты ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Финляндия алғашқы турда Латвияны (2:1), екінші турда Норвегияны (5:0) жеңді. Кейінгі орындарды бір-бірден жеңісі бар Чехия (Ұлыбритания – 5:1), АҚШ (Латвия – 5:1) және Швеция (Аустрия – 3:1) құрамалары өзара бөлісіп тұр.
Қазақстан құрамасы кеше кешкісін екінші ойынын Франциямен өткізді.
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар