Nickelodeоn және Tiji телеарналары қазақ тілінде мультфильм көрсетуді бастайды. Жалпы аударма жасауға 570 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағанын атап өтті.
«Балалардың тәрбиесі тілден басталады. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрлігі былтыр Nickelodeоn және Tiji телеарналарымен келіссөз жүргізді. Биыл отандық кабелдік операторлар: Alma TV, ТВ коммеррц, Қазақтелеком Nickelodeоn және Tiji телеарналары қазақ тілінде көрсетіле бастады», деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Данияр Қадыров жаңа балаларға арналған телеарналар елдегі мультипликацияны дамытуға серпін беретінін жеткізді.
«Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес елде балалар контенті бойынша Balapan телеарнасы көш басында тұр. Сондай-ақ жоғарыда аталған екі телеарна бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде болғандықтан оларды таңдап алдық. Өйткені Nickelodeоn телеарнасы 180 елге, Tiji 20 елге хабар таратады», деді вице-министр.
Сондай-ақ министрдің орынбасары телеарналардың жұмысына қанша қаржы бөлінгеніне тоқталды.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты қазақ тілін дамыту үшін мемлекет қаржысын бөлді. Жалпы 570 млн теңге бөлінді, қаржы бір жылға жоспарланған. Бұл ақшаға 800-ге жуық сағатқа аударма жасалды», деді Данияр Қадыров.
Аяна Тоғанбек
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар