Референдум-2022 • 20 Мамыр, 2022

Жұмылған жұдырықтай қатысуымыз керек

345 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында тәуелсіз Қазақстанның дамуына негіз болатын саяси реформалар пакетін жариялаған болатын.

Жұмылған жұдырықтай қатысуымыз керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­­станның жүйелі транс­форма­­циясына ықпал ететін және мем­лекеттің ұзақ мерзімді дамуы­ның жаңа парадигмасын ай­қын­дайтын саяси реформалар­дың бірнеше басым бағытына айрықша тоқталғаны мәлім.

Ел дамуына қатысты ірі өзге­рістер бірнеше бағыттан тұра­ды. Саяси жүйені терең демократия­ландыру, суперпрезиденттік бас­қару формасынан күшті пар­ламенті бар президенттік рес­пуб­­ликаға түпкілікті көшу қа­жетт­ігін Президент айрық­ша атап өтті. Сондай-ақ Прези­дент­тің өкі­леттіктерін белгілі бір деңгей­де шектеу, Парламенттің екі па­латасының қызметін қайта фор­мат­тау және Мәжілістің рөлін кү­шейту, Конституциялық сот құру секілді өзге де маңыз­ды мәселелер күн тәртібінде тұрғаны аян.

Сайлау жүйесін демократия­ландыру – аралас пропорцио­налды-мажоритарлық модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру керектігі де назардан тыс қалмады.

Бір анығы, саяси реформалар пакеті елімізді жаңа биік­терге бастайтын болады. Енді Конституцияның 33 бабына (31 бапқа және 2 жаңа баппен толықтыру) түзетулер енгізілмек. Түсіне білген адамға бұл қадам мәні зор жаңару процесі екені рас.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан халқына арнаған үндеуін­де 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өткізетінін ресми түрде мәлімдеді. Расында да бұл – өте жауапты қадам. Конс­титуциямыздың үштен бір бө­лігі өзгеретіні белгілі. Пре­зи­дент осынау жауапты қа­дамға Қазақстан халқы толық­тай үн қатқанын қалайды. Рефе­рендум өткізу арқылы біз демо­кратиялық үрдістерді одан әрмен жаңғырта түсеміз. Ең бастысы, бұл бастама Қазақстан халқының Президентке деген сенімін еселейді. Олар ел дамуындағы жаңа әрі батыл бастамаға қатысты өз ойларын ашық білдіре алады.

Елімізде болып жатқан бар­лық саяси реформа, өзге­ріс­ әділетті қоғам құру про­це­сін­де маңызды рөлге ие бола­ты­­ны даусыз. Сол себепті де бар­­лық саяси өзгеріс бізді бей­жай қалдырмайды. Қалай алып қарасақ та, бұл істе жұрт бо­лып жұмыла білген ләзім. Елі­міздегі батыл бастама­ның өзегі Пре­зиденттің өкілеттілік­терін кү­шейтуге емес, ықпалды Пар­ла­мент құру арқылы қоғам үнін еске­ретін Үкіметті қалып­тас­тыру­дың алғышарты болатыны мәлім.

Жаңа Қазақстанды қалыптас­тыра­тын жаңа кезең келіп жетті. Бұл ретте біз «Екінші Респуб­ли­ка», «Жаңа Қазақстан» ұғым­дар­ы­на айрықша назар аударға­ны­мыз абзал. Алдағы уақытта жұрт­­шылық тың саяси реформа­лар арқылы дамудың жаңа беле­сіне ұмтылған Қазақстанның қарыш­ты қадамына куә болатыны даусыз.

Референдум – халықтың пікі­рі­мен санасу, жұртшылықтың көкейіндегі мәселелерді зерделеу. Сондықтан референдумға Қазақстан халқы жұмылған жұ­ды­рықтай атсалысқаны дұрыс.

 

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,

Amanat партиясы Жастар қанатының төрағасы