Референдум • 20 Мамыр, 2022

Жезқазғандықтармен жүздесті

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаты Рысқали Әбдікеров Жезқазған қала­сы­ның тұрғындарымен кездесуде Конститу­ция­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жө­нін­дегі алдағы республикалық референдумды талқылады.

Жезқазғандықтармен жүздесті

Сенатор алдағы оқиғаның маңызына тоқтала келіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Жаңа Қазақстанның құрылысы саяси реформасыз жүзеге асуы мүмкін еместігін атап өтті.

«Жаңа үлгіде өсіп-өркендеу бойынша Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейе түседі, азаматтардың мемлекет тыныс-тіршілігіне қатысуы айтарлықтай кеңейеді, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығая түседі. Референдумға қатысу әрбір азамат­тың конституциялық құқығын іске асыру­­дың кепілі болып табылады және бұл орайда қоғам қайраткерлері мен белсенділерге маңызды рөл бері­леді», деп атап өтті Рысқали Әбдікеров.

Сенатор сондай-ақ қала әкімдігінде де болды. Актив алдында сөз алған ол Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихында әділ мемлекет құрудың жаңа кезеңінің бастауы болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:58