Экономика • 20 Мамыр, 2022

ЕАЭО серіктес елдердің тауарларын тексеру ережелерін жеңілдетеді

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерінен әкелінетін тауарлардың шығарылуын құжаттамалық растау рәсімін жеңілдетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕАЭО серіктес елдердің тауарларын тексеру ережелерін жеңілдетеді

Комиссияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, ЕЭК Кеңесі күнтізбелік жыл ішінде ЕАЭО елдерінің аумағында сатылған темекі өнімдерінің құрамы және одан бөлінетін заттар туралы есептің үлгісін бекітті.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесі медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізді, ЕАЭО фармакологиялық қадағалаудың жаңа редакциясын бекітіп, дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техрегламентке түзету енгізу туралы шешім қабылдап, декларация берілгенге дейінгі тауарлар санаттарының тізбесін кеңейтті.

Бұл шешім жұма күні Мәскеудегі комиссияның штаб-пәтерінде өткен ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысы барысында қабылданды. Келесі кездесу 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.