Үкімет • 22 Мамыр, 2022

Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов су шаруашылығы саясатын жетілдіруге және жеке мемлекеттік орган құруға қатысты сенаторлардың депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды

«Қазіргі уақытта жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр, онда елдің су ресурстары әлеуетін сақтау үшін су ресурстарын ластанудан және сарқылудан қорғау негізгі нормалармен айқындалатын болады. Бұл ретте жаңа кодексте су ресурстарын, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды басқаруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастарды жеке нормативтік құқықтық актіге бөліп шектеу жоспарланып отыр», делінген Үкімет басшысының жауабында.

Мәлім еткеніндей, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакеті әзірленді. Оған трансшекаралық өзендер бойынша келіссөздер процесінде Қазақстанның позициясын күшейту, уәкілетті органның, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты және ғылыми ұйымдарының кадрлық әлеуетін арттыру мәселелері кірді.

«Оны Үкімет пен Президент Әкімшілігі қарайтын болады. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта су ресурстарын басқару жөніндегі жеке мемлекеттік орган құру жоспарланбағанын атап өтеміз», деді Ә. Смайылов.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар