«ІІМ халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акцияны жалғастыруда. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында төлем көзделеді. Акция өткізілген айда полицияға мыңнан астам атыс қаруы өз еркімен тапсырылды», деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Ведомствоның мәліметінше, оның ішінде 1 - ойық автоматты, 167 - бірлік ойық ұзын ұңғылы, 4 - ойық қысқа ұңғылы, 910 - тегіс ұңғылы, 11 - травматикалық, 5 - жарылғыш құрылғы және ойық ұңғылы қарудың 8 мыңнан астам патрондары бар.
«Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі. Жарақаттанудың алдын алу мақсатында жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай әрекет жасамауды және бұл туралы полицияға хабарлауды сұраймыз», деді Шұғыла Тұрлыбек.
ІІМ тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.