Бағдарлама ережесі Үкіметтің Қауылысымен 15 сәуірде бекітілді. Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамырдағы таңғы жағдай бойынша жеңілдетілген автонесие алуға 16 224 өтініш қабылданған. Оның 5413-і бекітілген.
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие 2022 жылдың 16 мамырынан бастап өтінім қабылдау басталды. Төрт банк Индустриялық даму қорынан рұқсат алды. 19 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша азаматтар тарапынан түскен өтінімдерді «Еуразиялық банк», «Банк Центр Кредит» және «Halyk Bank» қабылдауда.
Жанар Ибрашева азаматтардың өтініштерінің қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге төлем жасау үшін шот-фактураны ұсыну үшін автокөліктің VIN коды болуы талабы жойылғанын атап өтті.
Мамырдың 23-і күні «Индустриялық даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева бағдарлама басталғалы бері жеңілдетілген автонесие бойынша 34 автокөлік сатып алынғанын айтты. Бағдарлама бойынша алынған автокөлік иелері бағалы жылжымалы мүлкін несиелеудің бүкіл мерзімі кезеңінде бірыңғай аванстық төлемақы арқылы емес, жеңілдетілген несиені пайдаланған әрбір жылға орай сақтандыра алады.
Гүлдана Елубай