Әлеуметтік желіде елордада ер адам учаскелік полицеймен төбелесіп, оның қаруын иемденіп, тұрғын үйдің ауласында оқ атқаны туралы хабарлама пайда болды. Полиция департаменті бұл оқиғаның 20 мамырда болғанын айтты.
«Іс жүргізу барысында 29 жастағы бұзақы тексеруге келген учаскелік полиция инспекторына физикалық қарсылық көрсеткен», деп атап өтті департамент өкілдері.
Билік өкіліне қызметтік міндеттерін орындауға байланысты күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам екі айға қамауға алынды.
Гүлдана Елубай