Қазір Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Биыл облыс диқандары 4,3 млн гектар алқапқа дән отырғызбақ. Өңір дақылдарды әртараптандыруға жіті көңіл бөліп жатыр. Майлы дақылдар бойынша қазір облыс диқандары республика бойынша бірінші орынға шығып, биыл оның көлемін 1 млн гектарға жеткізіп отыр.

Диқандар биылғы көктемнің ылғалы аз болуына ғана алаңдаулы. Оның үстіне талмай соғатын қара жел алқаптың ылғалын жылдам ұшырып жібереді. Жауын-шашын облыс орталығында күнде болып тұрғанымен кейбір тамшы тамбаған аудандар да бар. Мысалы, Тимирязев, Ақжар, Уәлиханов аудандарында жаңбыр мүлде жоқ. Петропавл қаласының төңірегіндегі Қызылжар, Мамлют, Аққайың, Есіл аудандарында ылғал баршылық. Ал қалған аудандарда сирек. Ылғал аз болғандықтан дәннің көктеуі төмен болып, былтырғыдай қуаңшылық болып қалмас па екен деген қауіп те жоқ емес.
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мейрам Меңдібаевтың айтуына қарағанда, бүгінге дейін барлық егілуге тиісті дәннің 50 пайыздан астамы жерге сіңірілді. Диқандар минералды тыңайтқыштар қолдану жөнінен де республикада алдыңғы орында. Жаңа техникамен жарақтану жағы да жеткілікті деңгейде. Тек аспаннан нұр жауса болды, адам қолынан келгенін жасайтыны анық.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы күндері аудандарды аралап, тұрғындармен кездесуін жалғастыруда. Ол соңғы күндері жауын-шашын мүлде болмай тұрған Уәлиханов ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл аудан – облыс орталығынан 340 шақырым жерде орналасқан ең шалғайдағы мекен. Жер көлемі – 13 мың шаршы шақырым, Ақмола, Павлодар облыстарымен және Ресей Федерациясының Омбы облысымен шектеседі. Халқының саны 16 мыңнан асады, тұрғындардың 90 пайыздан астамы – қазақтар.
Аудан халқының проблемасы өте көп. Бірінші кезекте жол, ауыз су, медицинамен қамтылуы өте төмен. Облыс әкімімен кездесулерде нақ осы мәселелер айтылды. Кішкенекөлден Дауыт стансасына дейінгі көп жылдан бері сын тезінен түспей келе жатқан жол биыл қолға алынатын болды. 57 шақырым болатын бұл жолға 50 млн теңге қарастырылған. Соңғы бес жылда бұл ауданның жолдарына жалпы көлемі 1 млрд теңге бөлінген. Оның біраз бөлігі аудан орталығының ішкі жолдарын жөндеуге жұмсалған. Биыл осы жолдардың жөндеу жұмыстарын аяқтауға тағы да 169 млн теңге бағытталған. Жоспарда Өндіріс, Жұмысшы, Мырзағұл, Көктерек, Жайқайрат, Қайрат ауылдарының жолдарын жөндеу тұр.
Ауыз су мәселесі де ептеп шешіліп келеді. Былтыр Кішкенекөл, Қаратал, Қулыкөл ауылдарына жеткізілді. Биыл Ақтүйесай, Бидайық, Телжан, Жасұлан, Ақбұлақ, Көбенсайға су жеткізіледі деп жоспарланған.
Облыс әкіміне тұрғындар аудандық медицина саласының сапасы төмен екенін де жеткізді. Кішкенекөл ауылының тұрғыны Мұхаммедқанапия Мұсайбеков былтыр Қайрат ауылының жас келіншегі толғатып, басқа мүмкіндік болмағандықтан өз аяғымен Петропавлдағы перзентханаға әзер жеткенін айтты. Ондағылар бала туғаннан кейін екінші күні келіншекті қыс ішіне қарамай шақалағын қолына ұстатып, шығарып жіберген. Сонда бұл аурухана халыққа болмаса, басқа кімге қызмет ететінін білмейсің...
Кішкенекөлге қолындағы сәбиімен жеткен келіншекті учаскелік полицей үйіне «Нива» көлігімен жеткізген. Осы оқиғаны айта келіп ақсақал аудан орталығында әйелдер босанатын үйдің жоқтығына әкім назарын аударды. «Ең бірінші ана мен балаға жағдай жасалуы керек, бізде осы мәселе қашан шешіледі?» деді ол. Оған аудан әкімі Қайрат Пішенбаев жауап беріп, ауданда әйелдер босанатын орын болғанымен маман жоқ екенін айтты. «Биыл медициналық ЖОО-лармен келісіп, мамандар жіберу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз», деді ол. Сонымен қатар биыл ауданға төрт жедел жәрдем көлігі берілетінін және облысты дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жаңа аурухана салынатынын айтты.
Өз кезегінде Құмар Ақсақалов келтін мамандар тұрақтауы үшін барлық мүмкіндік қарастырылуы керегін ескертті.
Осы ауданның Ақбұлақ ауылында «Орда Солтүстік» атты ЖШС жұмыс істеуде. Осыдан екі жылдай бұрын 5 мың қара мал әкелеміз деген олар әзірге өздерінің уәдесін толық орындаған жоқ. Өте үлкен көлемде субсидия алып, әлі күнге оның негізгі бөлігін игере алмай жатқаны жөнінде тұрғындар осында келген Мәжіліс депутатарына да айтқан. Кәсіпорынның директоры Айдын Ақылбай облыс әкімімен болған кездесуде: «Қораларды қараша айына дейін салып бітіреміз, әзірге қатты желден металл конструкцияларға тент тарта алмай отырмыз. Содан кейін қалған малды жеткізбекпіз», деді. Айтуына қарағанда, әзірге 1,5 мың бас етті ірі қара жеткізіпті.
Шынында, облыста биылғы көктемдегі қара желдің екпіні қатты. Екі күннің бірінде «желдің ұйытқу қатері бар» деген хабарлама келеді. Бірақ соған қарамай көктемгі егіс науқаны жалғасып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы
Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
Әлем • Бүгін, 17:10
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:27
CОVID-19: Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
Коронавирус • Бүгін, 16:20
Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды
Президент • Бүгін, 16:14
Қырғызстанда қазақтар қауымдастығының экс-басшысы сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Жыл басынан бері жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:44
Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Қазақстан • Бүгін, 15:21
Үндістанда автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:16
Алматыда үшінші вокзал салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды
Әлем • Бүгін, 14:48
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:34
Әлихан Смайылов ресейлік ірі компания басшыларымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 14:27
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:18
Экономика • Бүгін, 14:08
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек – Ералы Тоғжанов
Қазақстан • Бүгін, 13:55
Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды»
Оқиға • Бүгін, 13:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 13:33
AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлауға қатысты іс тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:02
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәресте табылды
Оқиға • Бүгін, 12:53
Велошерушілер елордаға бет алды
Спорт • Бүгін, 12:43
Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды
Қоғам • Бүгін, 12:35
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:28
Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:08
Оқушыларды бұрын сотталған адамдар тасымалдаған – Бас прокуратура
Оқиға • Бүгін, 11:57
Қазақстанда таратылатын 9 банктің салымшылары ақшасын алды
Экономика • Бүгін, 11:49
Құрбан айт: Қазақстанда арнайы сайт іске қосылды
Руханият • Бүгін, 11:37
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды
Парламент • Бүгін, 11:28
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 11:13
Биыл 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:53
Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:38
Биыл 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 10:19
Елордада тыйым салынған аймақта суға түскен оқушы көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:08
Ақтауда 109 жедел желісі іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:51
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар