Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңір басшысының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы баяндамасын тыңдап, бөлінген қаражаттың әрбір фермерге дейін жетуін қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдалана отырып, астық өндірудің жаңа технологияларына көшкен «Namys Group» ЖШС шаруа қожалығына барды. Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы баяндамасын тыңдаған Әлихан Смайылов бүгінгі таңда Ақмола облысының алдында тұрған басым міндеттердің бірі - егіс науқанын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтау екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңіріне арзандатылған дизель отыны жеткізіліп жатыр. Тұқым және минералды тыңайтқыштармен 100%-ға қамтылған. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген несие берілді, оның көлемі 70 млрд теңгеден 140 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-тың форвардтық сатып алу бағдарламасы 2 есеге ұлғайтылып, 80 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Сонымен қатар, мал азығы қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді. «Ең бірінші міндет – бөлінген қаражаттың әрбір фермерге дейін жетуін қадағалап, көктемгі егіс жұмыстары кезінде туындайтын проблемаларды дереу шешіп отыру», деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, Премьер-Министр облыстағы бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Олардың ішінде «Агрофирма TНK», «Родина» агрофирмасы», «Приишимье», «Заречное», «Еңбек», «Сандықтау» және басқа серіктестіктер бар.
Премьер-Министр шаруалар көтерген мәселелерді мұқият тыңдап, уәкілетті мемлекеттік органдарға оларды шешу жолдарын пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ Үкімет басшысы өңірдегі «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС-ға барды. Кәсіпорын Ресей және Беларусь өндірушілерімен бірге сұранысқа ие ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканы құрастырумен айналысады.
Әлихан Смайылов бүгінде қазақстандық компаниялардың жаппай ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды игергенін атап өтті. Мәселен, нарықтағы отандық тракторлар мен комбайндардың үлесі – 90%. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы машинасын жасау бойынша жергілікті қамту - жалпы алғанда шамамен 40%.
Осы орайда, Премьер-Министр ауыл шаруашылығы техникасы өнімдерімен жергілікті қамту үлесін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысының жұмыс сапарындағы келесі нысан John Deere агротехникасына қызмет көрсететін ТМД-дағы ірі орталық «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС болды. Әлихан Смайылов жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану еңбек өнімділігін арттыруда маңызды элемент екенін еске салды.
Бұл мақсатта Үкімет машина-трактор паркін инвестициялық субсидиялау, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы жаңартып жатыр. Сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржы институттары арқылы жеңілдікпен несие беру (6-7% жылдық мөлшерлеме) бағдарламасы іске асырылып жатыр.
«Аталған шаралардың арқасында ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі қарқын алып келеді. Мұндағы маңызды мәселе - өндірісті локализациялау болып отыр», деді Әлихан Смайылов.
Бұдан кейін Премьер-Министр ет, шұжық өнімдері, консервілер мен жартылай фабрикаттар өндіретін «Бижан» ет өңдеу кешеніне барды. Әлихан Смайылов мемлекеттің кешенді қолдау шараларын іске асыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге ерекше назар аударатынын атап өтті.
«Импортты азайтып, ішкі сұранысты толығымен жабу үшін отандық өнімдердің өндірісін ұлғайтуымыз керек. Әкімдік фермерлермен жұмыс жүргізіп, субсидиялау кезінде қарсы міндеттемелер қойып, ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін қамтамасыз етуге жағдай жасауы керек», деді Әлихан Смайылов.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар