Қоғам • 29 Мамыр, 2022

2025 жылға дейін «Отбасының цифрлық картасы» қолданысқа енеді

890 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Отбасының цифрлық картасы» жобасының іске асырылуы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



2025 жылға дейін «Отбасының цифрлық картасы» қолданысқа енеді

Оның мәліметінше, бұл құрал әлеуметтік қауіп-қатер аймағындағы отбасыларды жедел анықтауға және оларға қажетті қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік береді.

«Жүйе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді жинайды, соның негізінде табыс, денсаулық, білім, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар сияқты белгіленген критерийлер бойынша отбасының әл-ауқатын бағалайды. Бұл отбасылардың қажеттіліктерін автоматты түрде анықтауға және оларға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», деді ол.

Бірінші вице-министр аталған бастамалар негізгі стратегиялық құжаттарда көрініс табатынын және халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасында, әзірленіп жатқан «Кәсіптік біліктілік туралы» заңда және Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетінін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03