Қазақстан • 30 Мамыр, 2022

Жалған шот-фактура берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикамен күрес жұмысы аясында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалған шот-фактура берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. 2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды», делінген хабарламада.

Күдікті үйқамаққа алынды.