Еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишель келісім ресейлік әскери машинаны «қаржыландырудың үлкен көзін» тоқтатты деп мәлімдеді.
Бұл Брюссель саммитінде мақұлданған алтыншы санкциялар пакетінің бір бөлігі, ЕО-ға мүше 27 елдің барлығы келісу керек.
Қазіргі уақытта Ресей ЕО-ға импортталатын мұнайдың 27 пайызын және газдың 40 пайызын қамтамасыз етеді. Оның орнына ЕО Ресейге жылына шамамен 400 миллиард еуро төлейді.
Әзірге Ресейден Германияға жаңа газ құбырын ашу жоспары тоқтатылғанымен, ресейлік газдың ЕО-ға экспортына ешқандай санкция салынған жоқ.
Еуроодақ мүшелері Ресей мұнайының импортына тыйым салуға байланысты келіспеушіліктермен бірнеше сағат бойы күресіп, Венгрия басты қарсылас болды.
Словакия мен Чехия сияқты теңізге шыға алмайтын басқа елдер де ресейлік мұнайға тәуелді болғандықтан көбірек уақыт сұрады.
Гүлдана Елубай