Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 11,96 теңгеге төмендеп, 414,67 теңгені құрады.
Айта кетсек, Ұлттық банктың 31 мамырдағы ресми бағамы бойынша, 1 доллар 427,39 теңгені құрайды.
Kurs.kz деректері бойынша Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 422,34 теңге, ал сатылымы - 428,35 теңге.
Ал Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 422,88 теңгеден сатып алып, 427,26 теңгеден сатады.