Аймақтар • 01 Маусым, 2022

Тақымды жігіттер тартысты

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұқар жырау ауданындағы Петровка ауылында көк­пардан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтті. Аталған сайысқа Қар­қаралы, Жаңаарқа, Осакаров, Бұқар жырау, Ақтоғай, Шет және Нұра аудандарынан жеті команда қатысып, өзара шын мықтыны анықтады.

Тақымды жігіттер тартысты

Жүлде қоры 1 миллион 200 мың теңгені құраған төл спорт­тың дүбірлі додасында 100-ге жуық көкпаршы бақ сынады.

Екі күнге созылған сайы­с қо­рытындысында Шет ауда­нының көкпаршылары топ жарды. Екінші орын Жаңа­арқа ауданының коман­да­сына бұйырса, үшінші жүл­дені Бұқар жырау мен Нұ­ра аудандарының көкпаршылары өзара бөлісті. Ал чем­пио­нат­тың үздік шабуылшы­сы болып Шет ауданы коман­дасының 18 жастағы мүшесі Темірлан Тілеубек танылды.

Жеңімпаз команданы соңғы төрт жыл бойында жат­тық­ты­рып келе жатқан тәлімгер Жасұлан Боханов жастар ара­сындағы ұлттық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанына қуанышты екенін айтады.

– Команда мүшелерін таң­дау кезінде біз ең алдымен еп­тілік пен батылдыққа мән береміз. Сондай-ақ көкпаршы тек атқа отырып қана қой­май, жылқыны сезініп, ко­мандада ойнай білуі керек. Шабандоздар арасында толық түсінік болғаны жөн. Көкпарда кім­нің «салма» салатыны ма­ңызды емес, мәселе жал­пы­командалық есеп­тің нә­ти­же­сінде, – дейді Шет ауданы ұжымы­ның жаттықты­ру­шысы.

Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша облыстық «Қайрат» спорт мектебінің директоры Нұржан Шайхин бұл чемпионаттың өңір құрама командасына лайықты үздіктерді іріктейтін турнирге жататынын айтады.

– Жарыс қорытындысында іріктелген көкпаршылар келе­сі жылдың наурыз айында өте­тін ел чемпионатында өнер көр­сететін болады. Жалпы, біз­­дің көк­­паршыларымыздың мүм­­кін­­дігі жоғары және олар­дың ке­­­лешегі зор, – дейді Н.Шай­­хин.

Айта кету керек, аталған көкпар додасына қазақтың бел­гілі кәсіпкері, меценат, Nәtige сүт фабрикасының басшысы Ерлан Әшім демеушілік етті. Ал ұйымдастырушылар болса, көкпардан облыс чемпионатын жыл сайын Петровка ауылында өткізуді ұйғарып отыр.

 

Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы

Соңғы жаңалықтар